Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Құрметті «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сайтына келушілер, біз корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін қолдану мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын енгізіп, іске асырудамыз.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ “Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңынан және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС:
№ р/с | Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
---|---|---|---|
1 | Басқарма төрағасы | Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуы | жоғары |
2 | Басқарма төрағасынын орынбасары | Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуы | жоғары |
3 | Бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі – бас бухгалтер | функционалдық міндеттеріне сәйкес | орташа |
4 | Кадр жұмысы жөніндегі бөлім | функционалдық міндеттеріне сәйкес | орташа |
5 | Менеджер (мемлекеттік сатып алу бойынша) | функционалдық міндеттеріне сәйкес | орташа |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау
- Қаржылық бақылау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
- Мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу
- Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының кейбір түсініктері:
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік жауаптылық пен әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінде қарастырылған.
Байланыс
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын сақтаудың барлық мәселелері бойынша хабарласыңыз:
8 (727) 303-63-33 немесе 1424.
Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Азаматтарды қабылдау әр жұма сайын 15:00-ден 16:30-ға дейін жүзеге асырылады (алдын ала жазылу бойынша 8 (727) 303-63-33 телефоны арқылы).