Етті бағыттағы қой шаруашылығы бөлімі
Бөлім меңгерушісі - Малмаков Н.И.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. Израильде, АҚШ-та және Ұлыбританияда тағылымдамадан өтіп, қой мен ешкі генетикасы, селекциясы, технологиясы және өсімін молайту саласындағы заманауи зерттеу әдістемелерін меңгерген. 105 ғылыми еңбегі жарияланған, оның ішінде 12-сі АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, ОАР және Түркияның халықаралық ғылыми журналдарында ағылшын тілінде жарық көрген. 1997 жылы ҚР БҒМ мемлекеттік ғылыми стипендиясымен марапатталған. 14 патент пен өнертабыстың авторы және серіктес авторы.
Ет бағытындағы қой шаруашылығы бөлімінің зерттеулері отандық тұқым қойларының ет сапасын шетелдік генофондты қолдану арқылы жақсартуға бағытталған, бұл келесі жолдармен жүзеге асырылады:
- ет бағытындағы дорпер, суффольк және австралия ақ қойы (ААҚ) тұқымдарының қошқарларын сатып алу, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы (ҚҚҚЖҚ) саулықтарын олардың ұрығымен ұрықтандыру және жақсартушы тұқым бойынша 25, 50 және 75% қандылығы бар будандар алу;
- ААҚ 75% х ҚҚҚЖҚ 25% будан қошқарлардың ұрығымен дорпер (ДР) х еділбай (ЕД) жартылай қанды тұсақтарын ұрықтандыру арқылы ААҚ 37,5%, ДР25%, ЕД25% және ҚҚҚЖҚ 12,5% қан үлесі бар төрт тұқымды будандар алу;
- конституциясының беріктігі, дене салмағы, қоңдылығы және еттілік пішіндері 4, 12 және 15 айлық жасында бағалағаннан кейін қажетті типтегі будан төлдерді іріктеу, сондай-ақ тері асты майының қалыңдығы мен бұлшықет көзінің ауданын УДЗ көмегімен өлшеу және 4 пен 8 айлық еркек қозыларды сою нәтижелері бойынша олардың ет өнімділігі мен ет сапасын бағалау;
- қойдың құнды генотиптерін өсірудің заманауи технологияларын қолдану: эмбриондарды трансплантациялау және криоконсервациялау, ұрықты криоконсервациялау, жасанды ұрықтандыру. Генетикалық құнды қошқарлар мен саулықтар өздерінің өнімділік көрсеткіштері бойынша және CAST, GDF9, IGFBP, DGAT1 гендері бойынша маркерлік селекцияның және 10 шаруашылықтың 500 үздік қошқары мен 1500 үздік саулығынан алынған биологиялық үлгілерді SNP толық геномдық генотиптеу көмегімен іріктелетін болады. Іріктеп алынған құнды қошқарлар жаңа алынған және мұздатылған ұрықпен ұрықтандыру арқылы отардың өсімін молайтуда барынша тиімді пайдаланылады.