Аралтоғай мен Талдысай округтері үшін жайылымдарды басқару бойынша онлайн-семинар өтті


Аралтоғай мен Талдысай округтері үшін жайылымдарды басқару бойынша онлайн-семинар өтті

2025 жылғы 5 мамырда Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының жемшөп өндіру және жайылымдар бөлімінің мамандары жайылымдарды тиімді басқару тақырыбына арналған онлайн-семинар өткізді. Іс-шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024 жылғы 26 шілдедегі №263 бұйрығымен бекітілген жайылымдардың үлгілік жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Семинар барысында Аралтоғай және Талдысай ауылдық округтерінде жайылымдарды тиімді әрі тұрақты пайдалану бойынша жоспар әзірлеу жолдары қарастырылды. Жергілікті табиғи-климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, жайылым жерлерін ұтымды пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараның мақсаты — жайылымдарды ғылыми негізде жоспарлау арқылы олардың ұзақ мерзімді өнімділігін қамтамасыз ету. Тиімді жайылым – өнімді мал шаруашылығының негізі.