ҚазМШжЖӨҒЗИ зертханасы жылқыларды генетикалық тестілеу бойынша ISAG халықаралық сертификатын иеленді
2025 ж. 15 қыр.

«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының» (ҚазМШжЖӨҒЗИ) молекулалық-генетикалық сараптама зертханасы International Society for Animal Genetics (ISAG) ұйымдастырған The 2024–2025 International Horse (Equus caballus) STR DNA Typing Comparison Tests халықаралық салыстырмалы тест сынағынан сәтті өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды.
Нәтижесінде зертхананың ISAG ұсынған 17 STR маркері бойынша талдау дәлдігі және халықаралық эталондарға сәйкестігі расталды.
Бұл сертификат зертхананың:
-
STR-маркерлері бойынша жылқы генотиптерін жоғары дәлдікпен анықтай алатынын;
-
халықаралық талаптарға толық сай жұмыс істейтінін;
-
ата-аналық сәйкестікті сенімді жүргізуге, генетикалық төлқұжат рәсімдеуге және селекциялық шешімдерді ғылыми тұрғыдан қабылдауға құзыретті екенін дәлелдейді.
Зертхана отандық жылқы шаруашылығына халықаралық деңгейде сапалы генетикалық қызмет көрсетуді жалғастырады.