Баспасөз хабарламасы: Агроорманмелиорация жобасы аясында фермерлік далалық мектептердің ашылуы
2025 ж. 17 мау.


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстандағы жайылымдарды қалпына келтіру және климаттық төзімділікті қамтамасыз ету мақсатындағы агроорманмелиорация жобасы (GCP/KAZ/005/GFF) аясында фермерлік далалық мектептердің ашылуы
23 маусым – Алматы қаласы, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты
24–25 маусым – Айтеке би ауданының Аралтоғай ауылдық округі (Аралтоғай ауылы)
(семинар өткізілетін орын нақтылануда)
Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы (ҚЭҰҚ) заңды тұлғалар бірлестігі БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен GCP/KAZ/005/GFF агроорманмелиорация жобасының ресми миссиясы аясында фермерлік далалық мектептерді (ФДМ) енгізу арқылы тұрақты жер пайдалануды ілгерілету және жайылымдарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар сериясын өткізуде.
Миссия Алматы қаласы мен Ақтөбе облысын қамтиды. Оның аясында Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты (ҚазМШжЖӨҒЗИ) базасында көшпелі жайылым мектебін ашу, сондай-ақ Айтеке би ауданының Аралтоғай ауылында орналасқан шаруа қожалықтарында семинар мен фермерлік далалық мектептің іске қосылуы жоспарлануда.
Қазақстан климаттың өзгеруінің күрделі салдарларымен бетпе-бет келуде: жайылымдардың тозуы, ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуі, құрғақшылық. Осындай жағдайда фермерлік далалық мектептер ауылдық аумақтарды климаттық сын-қатерлерге бейімдеудің маңызды құралына айналуда. ФДМ тұжырымдамасы фермерлерге жайылымдарды тұрақты басқару тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеруге, жердің құнарлылығын қалпына келтіруге және ауылдық қауымдастықтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаттары:
- ҚазМШжЖӨҒЗИ базасындағы көшпелі жайылым мектебінің таныстырылымы және іске қосылуы;
- Оқыту семинарларын өткізу және жайылымдарға практикалық баға беру;
- Фермерлерді, жергілікті билік пен ғылыми мекемелерді бейімделген оқыту бағдарламаларын әзірлеуге тарту;
- Пилоттық аймақтарда алғашқы ФДМ қатысушыларын іріктеу және оқыту;
- Тұрақты мал шаруашылығы саласында ғылым, билік және ауылдық қауымдастықтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Жоба аясында Алматы қаласы мен Ақтөбе облысының Айтеке би ауданында көшпелі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Алматыда Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою, фермерлерге арналған Көшпелі жайылым мектебін ашу, сондай-ақ ФАО, БҰҰДБ, GIZ және жергілікті фермерлердің қатысуымен семинар өткізу көзделген. Қатысушылар институттың ғылыми әзірлемелерімен танысып, далалық сапарларға қатысады.
Ақтөбе облысында Аралтоғай ауылындағы Фермерлік далалық мектептің оқу алаңдарымен танысу, жайылым жағдайын бағалауға арналған семинар өткізу, акимат пен фермерлердің қатысуымен топтық практикалық жұмыстар жүргізу, нәтижелерді талқылау және сертификаттар табыстау жоспарланған.
Фермерлік далалық мектептер (ФДМ) – тұрақты жер пайдалануда білім беру, тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді енгізудің маңызды алаңына айналуда. Қазақстанда олар алғаш рет құрылып отыр және болашақта климаттық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу стратегиясы аясында басқа өңірлерге тарату үшін үлгі болмақ.
БАҚ үшін байланыс:
Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының баспасөз қызметі
Сухоносенко Илья Александрович
Тел.: 8 747 917 33 83
Email: aeokazakhstan@gmail.com
1. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) жасалған Келісімге сәйкес, «Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ «Қазақстанда климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдарды қалпына келтіруге арналған агроорманмелиорация» жобасының (3-компонент) Операциялық Серіктесі мәртебесін алды.
Жоба жердің өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған. Ол Қазақстандағы мақсатты тозған ландшафттарда бар үрдістерді тұрақтандыра отырып, жер ресурстарын тұрақты басқару әдістерін енгізу, ауылдық қауымдастықтардың әлеуетін арттыру және осы әдістерді ілгерілету арқылы жүзеге асырылады.