1 наурыз – Алғыс айту күніне орай кездесу өтті
2026 ж. 02 нау.
1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сала және еңбек ардагерлерімен жылы кездесу өткізді.
Іс-шара барысында институт ұжымы мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге зор алғыстарын білдіріп, олардың көпжылдық тәжірибесі мен еңбегін ерекше атап өтті. Ардагерлер өз кезегінде ғылыми қызметтің бүгінгі жетістіктері туралы пікір білдіріп, жастарға кәсіби бағыт-бағдар мен құнды кеңестер берді.
Кездесу достық, өзара құрмет және сабақтастық рухында өтті. Мұндай шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық аграрлық ғылымның дамуына серпін беретіні сөзсіз.
Институт ұжымы барлық ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбастарына амандық тілейді. Еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін!