ҚазМШжЖӨҒЗИ ғалымдары аралардың варроатозын ерте анықтау әдістерін сынақтан өткізді
2025 ж. 17 қыр.

Қазақстандағы бал араларының варроатозбен зақымдану ерекшеліктерін зерттеу аясында «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының» (ҚазМШжЖӨҒЗИ) ара шаруашылығы бөлімі ғалымдары Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы ЖК «Шатский» омартасында тәжірибелік жұмыс жүргізді.
Зерттеудің негізгі мақсаты — Varroa destructor кенесін ерте кезеңде анықтаудың тиімді әдістерін бағалау болды. Салыстырмалы диагностикада үш тәсіл қолданылды: визуалды тексеру, спиртпен шаю және қант ұнтағы әдісі (Sugar Shake).
Нәтижелер көрсеткендей, қант ұнтағын пайдалану әдісі мен арнайы табақшалар кенені қауіпсіз әрі тиімді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдер аурудың алдын алу мен уақытылы күрес шараларын жүргізуде маңызды рөл атқарады.
Ғалымдардың айтуынша, варроатозға қарсы тиімді күрестің басты негізі — ерте әрі нақты диагностика.