ҚазМШжЖӨҒЗИ ғалымдары Ресейдегі аграрлық ғылыми орталықта ара селекциясы бойынша тағылымдамадан өтті


ҚазМШжЖӨҒЗИ ғалымдары Ресейдегі аграрлық ғылыми орталықта ара селекциясы бойынша тағылымдамадан өтті

2025 жылдың шілде айында «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының» Ара шаруашылығы бөлімінің ғылыми қызметкерлері — Молдахметова Г. А. және Крупский Т. О. Ресей Федерациясы, Киров қаласындағы «Рудницкий Н.В. атындағы Солтүстік-Шығыс федералды аграрлық ғылыми орталығында» тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама «Ара шаруашылығының генетикалық ресурстарын басқарудың интеграцияланған жүйесін және араларды органикалық өнімді тозаңдандыру мен өндіруде тиімді пайдалану технологияларын әзірлеу» ғылыми бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Бағдарлама барысында аралардың селекциялық топтарын құру, ара отбасыларын бағалау, әртүрлі климаттық және өндірістік жағдайларда селекция әдістерін меңгеру бойынша теориялық және тәжірибелік дайындық жүргізілді.

Бұл тағылымдаманың нәтижелері Қазақстандағы ара шаруашылығын ғылыми негізде дамытуға, экологиялық таза бал өндіру технологияларын жетілдіруге және ауыл шаруашылығы дақылдарын тиімді тозаңдандыруға өз үлесін қосатыны сөзсіз.