«Ұлы дала жорығы» халықаралық бәйгесіне ҚазМШжЖӨҒЗИ ғалымдары қатысты
2025 ж. 10 мам.

«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғалымдары «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне қатысты. Институт атынан іс-шараға жылқы шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Қожанов Ж.Е., аға ғылыми қызметкерлер Нұрмаханбетов Д.М. мен Күмекбаева Ж.Ж., сондай-ақ кіші ғылыми қызметкер Ахметов У.А. қатысты.
Марафон 2025 жылғы 10 мамырда сағат 07:00-де Қонаев қаласынан бастау алды. Бәйгеге 19 командадан 95 жылқы қатысты. Жалпы 500 шақырымдық қашықтықты тек 6 команда ғана еңсеріп, мәреге жетті. Бірінші орынды Астана қаласының командасы 4 жылқымен (уақыты – 31:19:05) иеленсе, екінші орынды Қырғызстан, үшінші орынды Ұлытау иеленді. Сонымен қатар Маңғыстау мен Алматы облысының командалары мәреге жетті.
Институт ғалымдарының қатысуы «JORYQ» ат спорты федерациясымен бірлескен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды және бұл жұмыс ПЦФ BR22885681 жобасы бойынша жүргізілуде. Марафон кезінде мамандар болашақ зерттеулерге арналған биологиялық үлгілерді жинады. Сонымен қатар, кейбір жылқылардың қанына биохимиялық талдау жүргізіліп, бұл командаларға жарыс барысында жануарлардың жағдайын нақты бақылауға мүмкіндік берді.