Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту- жүйелі өзгерістерді қажет етеді


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту- жүйелі өзгерістерді қажет етеді

5-ші сәуір күні Алматы қаласында Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институтының базасында «Асылтұқымды мал селекциясын дамытудың ғылыми негіздері мен мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Іс- шараға ҚР  Парламентінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, ғалымдар, фермерлер одағы мен аграрлық сала сарапшылары қатысты.

Басқосудың басты мақсаты- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда кездестін өзекті мәселелерді саралау және оларды шешу жолдарын ұсыну.
Талқыланған маңызды бағыттар тізімінде:
-қолдансытағы заңнамалар мен нормативтік актілердің бірізділігі
-саланы цифрландыру
-ғылыми сүйемелдеуді күшейту
- фермерлерге көрсетілетін қолдаудың тиімділігін арттыру

Дөңгелек үстелде айтылған ұсыныстардың барлығы практик мамандардың нақты тәжірибесіне сүйеніп жасалған. Бұл мал шаруашылығы саласының бүгінгі жай- күйін терең түсінуге әрі нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Елімізде мал шаруашылығының әлеуеті зор. Алайда оны толық іске асыру үшін ғылыми негізделген, нақты әрекетке бағытталған мемлекеттік саясат қажет.

Іс-шараны ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!