ҚазҰАЗУ мен ҚазМШжЖӨҒЗИ ғылым және білім мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді
2025 ж. 21 мам.

2025 жылғы 21 мамырда «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Халықаралық офисінің ғылым департаменті мен «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында көшпелі кеңес өтті.
Кездесудің мақсаты – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және зерттеу қызметін жандандыру. Кеңес барысында магистратура мен докторантура бағдарламаларына қабылдау рәсімдері, дуалды білім беру жүйесін енгізу мүмкіндіктері және ғылыми мақалалар санын арттыру жолдары жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу институтының тарапынан жас ғалымдарды ғылымға тарту және бакалавриат–магистратура–докторантура деңгейлерінде үздіксіз академиялық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар енгізілді.
Аталған іс-шара екі мекеме арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, аграрлық ғылым мен білімнің интеграциясын тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды. Кеңес қорытындысы бойынша нақты жобалар мен бірлескен іс-шараларды қамтитын жұмыс жоспары құрылды.