ҚазМШжЖӨҒЗИ ғалымдары Жамбыл облысындағы жергілікті ара популяциясына экспедициялық зерттеу жүргізді


ҚазМШжЖӨҒЗИ ғалымдары Жамбыл облысындағы жергілікті ара популяциясына экспедициялық зерттеу жүргізді

«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі» ғылыми-зерттеу институтының (ҚазМШжЖӨҒЗИ) «Ара шаруашылығы» бөлімінің ғылыми қызметкерлері «Ара шаруашылығының генетикалық ресурстарын басқарудың интеграцияланған жүйесін және араларды органикалық өнімді тозаңдандыру мен өндіруде тиімді пайдалану технологияларын әзірлеу» атты ғылыми бағдарлама аясында кезекті экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Экспедиция Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қарақоңыз шатқалында орналасқан ЖК «Байжигитов» пчел шаруашылығында өтті. Зерттеу барысында жергілікті бал аралары популяциясы зерттеліп, селекциялық топтар құрылды. Сонымен қатар ара отбасылары биологиялық, морфологиялық және шаруашылыққа пайдалы белгілер жиынтығы бойынша кешенді бағалаудан өтті.

Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – бейімделген, жоғары өнімділікке ие жергілікті қазақ бал аралары популяциясын сақтау және көбейту арқылы еліміздегі тұрақты ара шаруашылығын дамыту.