ҚазМШжЖӨҒЗИ ғалымдары Оңтүстік Кореяда өткен ISAG 2025 конференциясына қатысты
2025 жылдың шілде айында Корея Республикасында ауыл шаруашылығы жануарлары генетикасы жөніндегі халықаралық қоғам (ISAG) ұйымдастырған ISAG 2025 конференциясы өтті. Аталған шараға «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің молекулалық генетикалық талдау зертханасының меңгерушісі Қайрат Досыбаев және ғылыми қызметкер Тілек Қапас қатысты. Конференция аясында 9 ғылыми секция жұмыс істеп, 402 ғылыми баяндама ұсынылды. Секциялар жануарлар геномикасы, селекция,
2025 ж. 29 шілде