BR10764999 бағдарламасы – Жылқы шаруашылығында селекциялық процесті тиімді басқару және генофондты сақтау технологияларын әзірлеу
Атауы: ЖТН BR10764999 «Жылқы шаруашылығында селекциялық процесті тиімді басқару және генофондты сақтау технологияларын әзірлеу».
Өтінім беруші: «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Ғылыми жетекші: Ахметсадыкова Ш.Н.
Іске асыру кезеңі: 2021-2023 жж.
Өзектілігі
Қазіргі уақытта республикадағы жылқылардың 60%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда, ал 35%-ы шаруа және фермерлік қожалықтарда ұсталады. Агроөнеркәсіптік кешен реформаланғаннан кейін жылқы шаруашылығы саласындағы селекциялық жұмыс бірқатар жағымсыз өзгерістерге ұшырады, бұл жылқылардың асыл тұқымдық сапалары мен өнімділік көрсеткіштеріне тікелей әсер етті. Осыған байланысты онтогенездің ерте кезеңдерінде жоғары генетикалық әлеуеті бар дарақтарды сенімді түрде анықтауға, олардың негізінде зауыттық желілер, типтер мен тұқымдар қалыптастыруға, сондай-ақ жылқы шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми негізделген технологияларды әзірлеу қажет. Бұл аталған ғылыми бағыттың өзектілігін айқындайды. Зерттеулердің жаңалығы – Қазақстан Республикасында алғаш рет әртүрлі тұқымдар мен популяциялардағы жылқылардың генетикалық құрылымын кең ауқымда зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты
Мақсаты – Қазақстан жылқыларының генетикалық ресурстарын сақтау және жетілдіру, сондай-ақ селекциялық процесті тиімді басқару технологиясын әзірлеу.
2023 жылға күтілетін нәтижелер
Селекцияланатын белгілердің тікелей тұқым қуалауымен жаңа генеалогиялық желілер қалыптастырылады, әрбір желіде болашақ аналық құрамнан кемінде 45 бас іріктеледі.
Алынған деректер негізінде әрбір тұқым мен типтің генетикалық сипаттамаларын анықтауды қамтитын генетикалық-статистикалық талдау жүргізіледі. Осы деректердің негізінде кластерлік талдау әдісі арқылы Қазақстан және Еуразия елдері жылқы тұқымдарының эволюциялық және филогенетикалық байланыстарын көрсететін тұқымдардың генетикалық дифференциация көрсеткіштері анықталады.
Отандық жылқы тұқымдарына генетикалық паспорттау жүргізіледі, типтер мен тұқымдар арасындағы генетикалық қашықтық анықталады.
Жабы типті қазақ жылқыларының генетикалық құрылымы бойынша ақпараттық бюллетень дайындалып, басып шығарылады.
Қостанай жылқы тұқымының генофондын сақтау және одан әрі жетілдіру бағдарламасы дайындалады.
Шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 8 жарияланым, оның ішінде КОКСОН ұсынған басылымда 1 мақала және импакт-факторы нөлден жоғары, Q3-тен төмен емес рецензияланатын ғылыми басылымда 1 ғылыми мақала жарияланады. Қазақстан Республикасының 1 патенті және Еуразиялық патент ведомствосының 1 патенті алынады.
Зерттеулер бойынша алынған нәтижелер
Әрбір генеалогиялық желідегі өндіруші айғырлар бойынша жылқыларға бонитировка жүргізіліп, іріктеу және жұптау жұмыстары атқарылды. Айғырлар ұрпағының сапасы бойынша бағаланды. Әрбір желіде «әке–ұл–немере» сызбасы бойынша үздік өкілдер іріктелді. Селекцияланатын белгілердің тікелей тұқым қуалауымен жаңа генеалогиялық желілер қалыптастырылып, әрбір желіде болашақ аналық құрамнан кемінде 45 бас іріктелді. Қазақ тұқымындағы 1 генеалогиялық желі бойынша селекциялық жетістікке өтінім берілді. Іріктелген үлгілер бойынша алынған SNP-генотиптеу нәтижелеріне талдау жасалып, деректер кластерлік талдау әдісімен өңделді. Отандық жылқы тұқымдарына генетикалық паспорттау жүргізіліп, типтер мен тұқымдар арасындағы генетикалық қашықтық анықталды. Алынған нәтижелер шетелдік зерттеулермен салыстырылып, талданды. Алынған деректер негізінде әрбір тұқым мен типтің генетикалық сипаттамаларын анықтауды қамтитын генетикалық-статистикалық талдау жүргізілді. Осы талдау негізінде кластерлік талдау әдісімен Қазақстан және Еуразия елдері жылқы тұқымдарының эволюциялық және филогенетикалық байланыстарын көрсететін тұқымдардың генетикалық дифференциация көрсеткіштері анықталды. Генетикалық сертификаттау жүргізілді, бұл қазақ жылқы тұқымының жабы типіндегі жылқылар арасында өңірлер мен асыл тұқымды шаруашылықтар бойынша жануарлардың жеке және топтық гетерозиготалылығын бақылауға және туыстас топтардағы гомозиготалылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Қостанай жылқы тұқымының генофондын сақтау және одан әрі жетілдіру бағдарламасы дайындалып, 50 дана таралыммен басып шығарылды. Қазақ жылқы тұқымындағы 1 генеалогиялық желі бойынша селекциялық жетістікке өтінім берілді. Жалпы, 2023 жылы бағдарлама бойынша 8 жарияланым жарияланды, оның ішінде 3-і КОКСОН ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда, ал 2 ғылыми мақала импакт-факторы нөлден жоғары Q1-Q2 деңгейіндегі рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарық көрді. Жабы типті қазақ жылқыларының генетикалық құрылымы бойынша ақпараттық бюллетень әзірленіп, басып шығарылды. Қазақстан Республикасының № 8341 патенті және Еуразиялық патент ведомствосының № 000330 патенті алынды.
Зерттеу тобы
Ахметсадыкова Ш. Н., Сыдыков Д. А., Тореханов А. А., Досыбаев К. Ж., Турмухаметов Ж. С., Нурмаханбетов Д. М., Бактыбаев Г. Т., Ахметов У. А., Оразымбетова З. С., Талжанов Е. А., Сейдуалиева Л. К., Сансызбаев Б. С., Қапасұлы Т., Кожанов Ж., Ахметова Г. М., Ерғали Қ., Байсапаров А. Н., Есжанов Н. Б., Калиев М. К., Кикебаев Н. А., Желдибаев К. С., Амандыкова А. Б., Сафронова О. С., Брель-Киселева И. М.
Жарияланымдар тізімі
1 Жабы типті қазақ жылқыларының екі генеалогиялық желісі бойынша асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттерін талдау. «Қазіргі кезеңде мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісін қарқынды дамытуды ғылыми-практикалық қамтамасыз ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 1-том «Жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, түйе шаруашылығы», Нурмаханбетов Д.М., 105-бет.
2 Көшім жылқы тұқымының геномындағы гомозиготалы аймақтардың таралу жиілігін талдау. «Қазіргі кезеңде мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісін қарқынды дамытуды ғылыми-практикалық қамтамасыз ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 1-том «Жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, түйе шаруашылығы», Досыбаев К.Ж., Қапас Т., Ахметов У.А., Кульбольдин Т.С., Нурмаханбетов Д.М., Сыдыков Д.А., Бактыбаев Г.Т., Кожанов Ж.Е., 72-бет.
3 Жабы типті тұқымдық айғырларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау. «Қазіргі кезеңде мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісін қарқынды дамытуды ғылыми-практикалық қамтамасыз ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, 1-том «Жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, түйе шаруашылығы», Нурмаханбетов Д.М., 95-бет.
4 Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі жабы типті қазақ жылқылары қанының биохимиялық көрсеткіштерінің референстік мәндері. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің хабаршысы журналы, №1 (64), Нурмаханбетов Д.М., Кожанов Ж.Е., Бактыбаева Г.Т., Кожанова Н.Е., Ахметов У.А., 2023.
5 Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі жабы типті қазақ жылқы тұқымының клиникалық тұрғыдан сау ересек жылқыларының гематологиялық бейіні. «Ғылым және білім» журналы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, № 2-3 (71), Касымбекова Ш.Н., Калыкова А.С., Хамзин К.П., Кабылбекова Д.И., 2023.
6 Қызылорда және Қарағанды аймақтарында өсірілетін жылқы популяцияларының генетикалық полиморфизмін бағалау. Al-Farabi Kazakh National University, Experimental Biology, №1 (94), Досыбаев К.Ж., Сыдыков Д.А., Қапас Д., Оразымбетова З.С., Кожанов Ж.Е., Ахметсадыкова Ш.Н., Бактыбаев Г.Т., Ахметов У.А., Байсапаров А.Н., Нурмаханбетов Д.М., Турмухаметов Ж.С., 2023.
7 Genetic Diversity of Kazakhstani Equus caballus (Linnaeus, 1758) Horse Breeds Inferred from Microsatellite Markers. Veterinary Sciences, Journal, 2023, 10, 598, ISSN: 2306-7381, Zarina Orazymbetova, Daniya Ualiyeva, Kairat Dossybayev, Aibyn Torekhanov, Dauren Sydykov, Aizhan Mussayeva, Gabiden Baktybayev, 2023, https://doi.org/10.3390/vetsci10100598
8 Қазақстандағы өнімді жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы және оның перспективалары. «Коневодство и конный спорт» журналы, №2, Сыдыков Д.А., Сансызбаева Б.С., Бактыбаев Г.Т., 2023.
9 Қостанай жылқы тұқымының генофондын сақтау және одан әрі жетілдіру бағдарламасы, Амандыкова А.Б., Брель-Киселева И.М., Сафронова О.С., 2023.
10 Жабы типті қазақ жылқыларының генетикалық құрылымы бойынша ақпараттық бюллетень, Сыдыков Д.А., Бактыбаев Г.Т., Нурмаханбетов Д.М., Ахметсадыкова Ш.Н., Талжанов Е.А., Досыбаев К.Ж., Тореханов М.А., Кожанов Ж.Е., Турмухаметов Ж.С., Оразымбетова З.С., 2023.
11 Мұғалжар тұқымының Қожамберді тұқымішілік типіндегі жылқыларды іріктеу тәсілі, пайдалы модельге № 8341 патент, 11.08.2023, Тореханов Айбын Адепханович, Сыдыков Даурен Алдамжарович, Бактыбаев Габиден Темирович, Оразымбетова Зарина Сейсеновна.
12 Жылқыларға арналған жылжымалы фиксациялық тор, өнеркәсіптік үлгіге Еуразиялық № 00030 патент, 19.08.2023, Кожанов Жасулан Ертаевич, Тореханов Мерей Айбынович, Сыдыков Даурен Алдамжарович, Сыдыков Олжас Дауренұлы, Нурмаханбетов Даурен Мустафаевич, Дуйсембаев Кенесхан Идрышевич, Дуйсембаев Ильяс Сакенович, Бактыбаев Габиден Темирович, Кожанова Назым Ермековна.