ҚазМШжЖӨҒЗИ-ге Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының делегациясы келді
2025 ж. 10 мау.

2025 жылғы 10 маусымда «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтына» (ҚазМШжЖӨҒЗИ) Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының делегациясы ресми сапармен келді.
Делегацияны Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Лю Чжэньху бастап келді. Сапар барысында Лю Чжэньху ҚазМШжЖӨҒЗИ-дің ғылыми әлеуеті мен тәжірибелік базасына жоғары баға беріп, аграрлық ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде ауыл шаруашылығы ғылымының түрлі бағыттары бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, ғылыми зерттеулерді үйлестіру және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Тараптар өздерінің зерттеу бағыттарын таныстырып, келешекте өзара тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды.
Бұл сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.