ҚазМШЖӨҒЗИ жас ғалымдары Халықаралық конгреске қатысты

ҚазМШЖӨҒЗИ жас ғалымдары Халықаралық конгреске қатысты

2026 жылғы 13 қарашада «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ құрамына кіретін «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің жас ғалымдары III Халықаралық жас ғалымдар конгресінің «Агробиоресурстар және экология» секциясының отырысына қатысты.

Іс-шара Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында өтіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналды.

Конгреске қатысу жас ғалымдардың кәсіби дамуына, ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның аграрлық саласындағы заманауи зерттеулерді ілгерілетуге ықпал етеді.

Фото және бейне

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар