Қарымсақов Талғат Николаевич Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумына қатысты

Кеше, 2026 жылғы 20 қарашада, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумына қатыстым.
Іс-шара ауқымдылығымен, мазмұндылығымен және өкілдік деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленді. Форумға 2000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Құрылтай депутаттары, ірі, орта және шағын ауыл шаруашылығы құрылымдарының, бизнес пен ғылым саласының, салалық қауымдастықтар мен АӨК-тің басқа да ұйымдарының өкілдері болды.
Форумның басты назарында Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың стратегиялық міндеттері болды. Мемлекет басшысы өз сөзінде ауылдағы өмір сапасын арттыруға, мал шаруашылығын одан әрі дамытуға, еңбек өнімділігі мен егін шығымдылығын арттыруға, су шығынын азайта отырып, егіс алқаптарын әртараптандыруға баса назар аударды. Агросақтандыруды дамыту, тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелері де ерекше атап өтілді.
Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының атынан қатыса отырып, мал шаруашылығын дамыту мәселелеріне ерекше назар аудардым. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының іске асырылу барысы туралы баяндады. Бүгінде 31 мыңнан астам ірі қара мал әкелініп, жеткізуге келісімшарттар жасалғаны, 71 тауарлы-сүт фермасы мен 7 құс фабрикасы пайдалануға берілгені атап өтілді. Биыл ветеринариялық нысандар саны екі есеге жуық артып, соңғы үш жылда 1400 бірлік арнайы техника сатып алынды.
Форум соңында Президент ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларына, аграрлық сала мамандарына және АӨК-тің басқа да қызметкерлеріне елдің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлестері үшін мемлекеттік наградалар табыстады.
Мұндай іс-шаралар сала үшін зор маңызға ие деп есептеймін. Олар ғылым, өндіріс, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға және өзекті міндеттерді талқылауға мүмкіндік береді.
Талғат Қарымсақов,
Басқарма төрағасының орынбасары