ҚазМШжЖӨҒЗИ типшақ пен жайылымды қалпына келтіру бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді
2025 ж. 05 мау.

2025 жылғы 5 маусымда Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қолды стационарлық базасында «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (ҚазМШжЖӨҒЗИ) ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Іс-шара «Қазақстанның түрлі агроклиматтық аймақтары үшін мал азықтық дақылдардың бәсекеге қабілетті сорттары мен будандарын жасау және сорттық технологияларды әзірлеу» бағдарламасы аясында өтті. Семинар тақырыбы: «Қазақстанның дала аймағындағы тозған жайылымдарды жақсартуға арналған типшақтың жаңа сортын жасау және жемшөпке толық зоотехникалық талдау жүргізу».
Семинарға профильді ғылыми ұйымдардың мамандары, шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары, сондай-ақ фермерлер қатысты. Қатысушыларға тозған жайылымдарды қалпына келтіруге арналған жаңа типшақ сортының селекциялық питомнигі көрсетіліп, оның биологиялық және агрономиялық ерекшеліктері, интродукция тәсілдері таныстырылды.
Семинарда төмендегі маңызды мәселелер талқыланды:
-
Типшақты жемшөп өндірісіне енгізу;
-
Жайылымдардың өнімділігі мен төзімділігін арттыру;
-
Тозған жерлерді қалпына келтіру және жақсарту жолдары.
Қатысушылар жаңа жайылымдық дақылдарды селекциялау, қазіргі заманғы әдістерді қолдану және типшақтың экологиялық маңыздылығын арттыру мәселелерін де талқылады. Семинар нәтижесінде өзара пікір алмасып, алдағы ынтымақтастық бағыттары айқындалды. ҚазМШжЖӨҒЗИ барлық қатысушыларға жемісті жұмыс пен тәжірибе бөліскені үшін алғыс білдіреді.