ҚазМШжЖӨҒЗИ базасында нанотесікті секвенирлеу технологиялары бойынша халықаралық конференция өтуде


ҚазМШжЖӨҒЗИ базасында нанотесікті секвенирлеу технологиялары бойынша халықаралық конференция өтуде

2025 жылғы 21–22 қазан күндері Алматы қаласында орналасқан «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында «From Sample to Sequence: Discover the Power of Oxford Nanopore Technologies» атты екі күндік тәжірибелік конференция өтуде. Іс-шара Techprime компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Конференция қатысушылары нанотесікті секвенирлеу технологияларының заманауи тәсілдерімен, Adaptive sampling (таңдамалы байыту) әдісімен және өсімдіктер, жануарлар мен микроағзалардың геномдарын, сондай-ақ микробтық қауымдастықтарды талдау мүмкіндіктерімен танысуда.

Бағдарламада — PromethION сериялы құрылғыларда секвенирлеу кітапханасын дайындау бойынша және EPI2ME (Bioinformatics) платформасында деректерді өңдеу бойынша шеберлік сыныптар өткізіледі.

Баяндамашылар:

  • Ashan Musafer, MSc MBAField Application Scientist, Oxford Nanopore Technologies, MECA (Middle East & Central Asia)

  • Алина Теплюкнанотесікті секвенирлеу өнімдерінің менеджері, Techprime

  • Тимур ЯгудинFAS бөлімінің жетекшісі, Techprime

Конференцияның мақсаты — қазақстандық зерттеушілердің геномика саласындағы біліктілігін арттыру және секвенирлеудің заманауи технологияларын ғылыми және өндірістік жобаларға енгізу.

Бағдарлама мен тіркелу туралы толық ақпарат:
https://techprime.kz/21-22oct_techprimeont/