ҚазМШжЖӨҒЗИ-ге Л.К. Эрнст атындағы ФИЦ ВИЖ ғалымдары келді
2025 ж. 29 қар.
2025 жылғы 28 қарашада Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты (ҚазМШжЖӨҒЗИ) Ресей Федерациясынан келген Л.К. Эрнст атындағы Жануарлар шаруашылығы федералдық зерттеу орталығы ғалымдарының делегациясын жұмыс сапарымен қабылдады. Сапардың негізгі мақсаты – екі елдің салалық ғылыми ұйымдары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту және кеңейту болды.
Делегация құрамында ВНИИ генетика және ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру институты филиалының директоры Александр Александрович Сермягин, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының профессоры, Л.К. Эрнст атындағы ФИЦ ВИЖ-дің ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру бөлімінің меңгерушісі Роман Владимирович Некрасов болды.
Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми қызметтің өзекті және перспективалы бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандырудың озық технологияларын енгізу, жемшөп өндірісіндегі инновациялық тәсілдерді дамыту, сондай-ақ жануарлардың асыл тұқымдық құндылығы мен өнімділігін арттыру мақсатында генетика және геномдық талдаудың заманауи әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ресейлік ғалымдар соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынып, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырудың басым бағыттары айқындалып, мамандар алмасу мен ортақ тәжірибелер жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.
Аталған жұмыс сапары ҚазМШжЖӨҒЗИ мен Л.К. Эрнст атындағы ФИЦ ВИЖ арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтып, мал шаруашылығы, жемшөп өндірісі және аграрлық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға маңызды үлес қосты.