Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты Қытайдың Нинся-Хуэй автономиялық ауданының делегациясын қабылдады**

Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты Қытайдың Нинся-Хуэй автономиялық ауданының делегациясын қабылдады**

ҚХР Нинся-Хуэй автономиялық ауданының Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер департаменті делегациясымен кездесу

2026 жылғы 22 қыркүйекте «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесу өтті.

Делегация құрамына:
- Yang Fa — Мал шаруашылығы және ветеринариялық қызмет бюросының бас директоры;
- Yu Fengjuan — Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығын басқару бөлімінің басшысы;
- Lu Yaofu — Ауыл шаруашылығы алқаптарының құрылысын басқару бөлімі директорының орынбасары кірді.

Кездесу барысында тараптар мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісін дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыттарымен танысты және агроөнеркәсіптік өндіріске заманауи технологияларды енгізу саласындағы тәжірибелерімен алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік білдірді.

Фото және бейне

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар