ҚазМШжЖӨҒЗИ зертханасы ірі қараны генетикалық тестілеу бойынша ISAG халықаралық сертификатын иеленді
2025 ж. 17 қыр.

«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының» (ҚазМШжЖӨҒЗИ) молекулалық-генетикалық сараптама зертханасы International Society for Animal Genetics (ISAG) ұйымдастырған жануарларды идентификациялау және ата-аналық сәйкестікті растауға арналған халықаралық салыстырмалы сынақтарға қатысып, ірі қара (Bos taurus) бойынша генетикалық тестілеу сертификатын иеленді.
Бұл сертификат зертхананың:
-
STR-маркерлер негізінде идентификация және ата-аналық сәйкестікті растау талдауларын халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізетінін;
-
генетикалық төлқұжат рәсімдеуге, тұқымдық сәйкестендіруге және селекциялық шешімдерді ғылыми негізде қолдауға толық құзыретті екенін растайды.
Бұған дейін, 2025 жылғы 9 қыркүйекте, зертхана жылқылар бойынша да ISAG халықаралық сертификатын алған болатын. Қазіргі таңда қой бойынша comparative tests нәтижелері күтілуде; қорытынды шыққан соң қосымша хабарланатын болады.
ҚазМШжЖӨҒЗИ зертханасы отандық мал шаруашылығы субъектілеріне халықаралық деңгейдегі сенімді және сапалы генетикалық қызметтерді ұсынуды жалғастырады. Толық ақпарат пен өтінім беру тәртібі институттың ресми сайтындағы «Байланыс» бөлімінде көрсетілген.