ҚазМШжЖӨҒЗИ-де FEI делегациясы халықаралық ат жарыстарын талқылады English:
2025 ж. 27 мам.

2025 жылғы 27 мамырда Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтына (ҚазМШжЖӨҒЗИ) Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) делегациясы келді. Делегация құрамында FEI техникалық делегаты Талеб Мохамед Абдусалам Сабах және FEI Ветеринарлық комиссиясының президенті Салех Ахмед Әл-Кубати (Абу-Даби, БАӘ) болды.
Кездесу барысында Адай жылқы тұқымының қатысуымен FEI ережелеріне сәйкес 100 және 120 шақырымдық халықаралық жарыстар өткізу жоспары талқыланды. Сонымен қатар, ветеринарлық талаптар, ұйымдастыру мәселелері және ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.
Сот алқасының құрамына ҚазМШжЖӨҒЗИ-дің жылқы және түйе шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері енгізілді: бөлім меңгерушісі Жексенбай Қожанов, аға ғылыми қызметкер Думан Нұрмаханбетов және кіші ғылыми қызметкер Ұлан Ахметов. Бұл кездесу Адай жылқы тұқымын халықаралық деңгейде таныту мен ат спортындағы серіктестікті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.