ҚазМШжЖӨҒЗИ өкілі Бішкектегі «Арашан» тұқымына арналған халықаралық конференцияға қатысты


ҚазМШжЖӨҒЗИ өкілі Бішкектегі «Арашан» тұқымына арналған халықаралық конференцияға қатысты

2025 жылғы 30 мамырда Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің базасында «Арашан» етті-майлы бағыттағы тұқымының болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған шараға «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі» ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Қарымсақов Талғат Нұрғалиұлы арнайы шақырту бойынша қатысып, ғылыми қауымдастықпен тәжірибе алмасып, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді.

Конференцияның мақсаты – етті қой шаруашылығын тұрақты дамыту бағытында докторанттар, магистранттар, жас ғалымдар мен фермерлер арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту және ғылым мен өндірістегі инновациялық шешімдерді ілгерілету. Іс-шарада қой тұқымдарын асылдандыру, селекция, генетика және цифрлық технологияларды қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар Молдова, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа елдерден келген сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қарымсақов Т.Н. өз баяндамасында Қазақстандағы етті қой шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелері мен «Арашан» тұқымының даму әлеуетіне тоқталып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғылыми байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Конференция жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға жаңа идеялармен алмасуға және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.