Ғылым күні институтымызда аталып өтті!

Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтында Ғылым күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мерекелік жиын барысында институт ғалымдары мен жас зерттеушілердің жетістіктері атап өтіліп, ғылым саласына қосқан үлестері үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен Кенжебаев Т.Е. және Нұрмаханбетов Д.М. марапатталды.
Сонымен қатар, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталып, институт тарапынан да қызметкерлер бірқатар жоғары марапаттарға ие болды:
«Қажырлы қайраткер» медалімен Ногайбаева П.Н., Карымсаков Т.Н., Абишева Г.К.;
«Озық ойлы ғалым» медалімен Досыбаев К.Ж., Омаров С.М.;
«Ғылымға қосқан үлесі үшін» медалімен Кушенов К.И.;
«Үздік қызметкер» төсбелгісімен Кожанов Ж.Е., Кожемжаров Е.С., Таджиева А.К., Сайлаубек П.Ж.;
«Зерттеу зергері» төсбелгісімен Мамырова Л.К., Долгих Н., Қапас Т., Ахметова Г.М.;
«Еңбек озаты» төсбелгісімен Даугалиева А.Т.
Іс-шара аясында ғылыми жобалар таныстырылып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ғылымның маңыздылығын насихаттау, жас ғалымдарды қолдау және ғылыми ізденістерге ынталандыру болды.
Ғылым жолындағы мақсат-мұраттарыңыз ұлттық мүддемен үндесіп, еңбектеріңіз ел ертеңінің игілігіне айнала берсін!