Жамбыл облысында ҚазМШжЖӨҒЗИ қатысуымен Омарташылар форумы өтті


Жамбыл облысында ҚазМШжЖӨҒЗИ қатысуымен Омарташылар форумы өтті

2025 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің А.Сапаров мырзаның тапсырмасымен және «Жұмысшы мамандығы жылы» аясында «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі» ғылыми-зерттеу институтының (ҚазМШжЖӨҒЗИ) «Ара шаруашылығы» бөлімінің ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «Омарташы кәсібі – тарих және қазіргі заман» тақырыбында Омарташылар форумы ұйымдастырылды.

Форум Жамбыл облысында өтіп, ара шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды. Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Алматы облысының әуесқой ара өсірушілер қоғамы», «Жамбыл облысының әуесқой ара өсірушілер қоғамы», Жамбыл, Шымкент және Алматы облыстарының омарташылары, сондай-ақ «Қазақстандық бал араларын селекциялаушылар бірлестігі» өкілдері қатысты.

Форум «Ара шаруашылығының генетикалық ресурстарын басқарудың интеграцияланған жүйесін және араларды органикалық өнімді тозаңдандыру мен өндіруде тиімді пайдалану технологияларын әзірлеу» ғылыми бағдарламасы аясында өтті. Форум соңында практикалық бөлім ретінде Жамбыл облысындағы ЖК «Какалов» шаруашылығында орналасқан көшпелі зертханада ұрықталмаған аналық араларды аталықтардан алынған шәуетпен қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл селекциялық жұмыстардың нәтижелері базалық шаруашылықтарда бағаланатын болады.

Ауыл шаруашылығы министрі А.Сапаров форумды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ҚазМШжЖӨҒЗИ ұжымына Алғыс хат табыстады.