Ғылым күні: институт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен далалық семинар өтті.
2026 ж. 10 сәу.
Қазақстан Республикасының Ғылым күніне орай Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының жем-шөп өндірісі және жайылымдар бөлімінің қызметкерлері «Көлді» стационарында студенттерге арналған ғылыми-тәжірибелік далалық семинар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттерге институт қызметкерлері тарапынан егіліп, өсірілген мал азықтық дақылдар көрсетілді. Атап айтқанда, еркекшөп, бетеге, изен және жоңышқа сияқты өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, өнімділігі және оларды тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, жайылымдарды ұтымды пайдалану және мал азықтық базаны нығайту бағытындағы заманауи ғылыми тәсілдер таныстырылды. Семинар аясында ғылыми зерттеулердің нәтижелері және олардың өндірістік жағдайда қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
Ғалымдар теориялық білімді практикамен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті. Аталған іс-шара ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.