Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) Директорлар кеңесінің төрағасымен ресми кездесу

2026 жылғы 19 маусымда Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтына (ҚазМШЖӨҒЗИ) Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының (ҰАҒБО) Директорлар кеңесінің төрағасы Қ.С. Бисетаев институттың қызметімен, ғылыми әлеуетімен және материалдық-техникалық базасымен танысу мақсатында келді.
ҚазМШЖӨҒЗИ – Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы, ара шаруашылығы және жемшөп өндірісі салаларындағы жетекші ғылыми-әдістемелік орталық.
Сапар барысында институт басшылығы және қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өткізіліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары, іске асырылып жатқан жобалар және одан әрі даму перспективалары таныстырылды.
Зертханалық зерттеулер орталығының қызметімен танысуға ерекше назар аударылды. Ғылыми зерттеулер жүргізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалауға және агроөнеркәсіптік кешенге инновациялық технологияларды енгізуге арналған зертханалардың заманауи аналитикалық және сынақ мүмкіндіктері көрсетілді.
Сапар қорытындысы бойынша аграрлық ғылымды дамыту, ғылыми инфрақұрылымды жетілдіру және ҰАҒБО жүйесіндегі ғылыми ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.