ҚазМШжЖӨҒЗИ-де Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті


ҚазМШжЖӨҒЗИ-де Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті

Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институтында (ҚазМШжЖӨҒЗИ) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын институт ұжымын біріктіріп, ел тарихына құрмет көрсетуге, тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

Іс-шара барысында Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдеріне шолу жасалып, ел дамуының маңызды белестері атап өтілді. Салтанатты бөлім Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған ерлердің рухына тағзым жасалды.

Қатысушылардың тарихи танымын кеңейту мақсатында желтоқсан оқиғаларына арналған викториналық сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Тәуелсіздік үшін күрескен азаматтардың ерлігін құрметтеу белгісі ретінде дәстүрлі ас беріліп, отансүйгіштік рухтағы әндер шырқалды.

Институт ұжымы бұл атаулы күнді елдік пен бірліктің, рух пен ерліктің символы ретінде жоғары деңгейде атап өтті. Аталған іс-шара тарихи жадыны сақтау мен жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.