Алматы облысында араларға Tropilaelaps spp. және Varroa destructor кенелерінің инвазиясы зерттелді
2025 ж. 08 қыр.

2025 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы омарта шаруашылығында Apis mellifera бал араларында Tropilaelaps spp. және Varroa destructor кенелерінің таралуын зерттеу мақсатында ғылыми жұмыстар жүргізілді.
Зерттеу «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің Ара шаруашылығы бөлімі ғалымдарының бастамасымен жүзеге асты. Ара отбасыларында эктопаразиттік кенелердің болуын анықтау үшін визуалды бақылау әдістері мен зертханалық талдаулар қолданылды. Түрлі ұялардан алынған репрезентативті үлгілер негізінде инвазия деңгейі сандық түрде бағаланды.
Жиналған деректер келесі бағыттар үшін негіз болды:
-
эпизоотиялық жағдайды бағалау,
-
емдеу және профилактикалық шараларды жоспарлау,
-
маусым бойындағы жұқтыру динамикасын бақылау.
Аталған зерттеу еліміздегі ара шаруашылығын сақтау мен дамытуға үлес қосып, экологиялық тепе-теңдік пен ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.