Ғылым мен ара шаруашылығындағы жаңа байланыстар: БАӘ делегациясының сапары

Ғылым мен ара шаруашылығындағы жаңа байланыстар: БАӘ делегациясының сапары

«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Ара шаруашылығы бөліміне «30 November Investment Group» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры доктор Yaser Alkatheeri ресми сапармен келді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ара шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Негізгі назар ғылыми зерттеулерге, тәжірибе алмасуға, заманауи ара шаруашылығы технологияларына, бал өндірісіне және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына аударылды.
Сапар аясында қонақтар институттың зертханаларымен және омарта базасымен танысып, Қазақстандағы ара шаруашылығы саласында жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар, практикалық тәжірибе және инновациялық бағыттар туралы ақпарат алды.
Институтымыз бұл кездесуді екі ел арасындағы ғылыми және іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп бағалайды. Болашақта ара шаруашылығы саласында өзара тиімді бірлескен бастамалар жүзеге асады деп сенеміз

Фото және бейне

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар