Ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен стандарттауына арналған семинар өтті


Ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен стандарттауына арналған семинар өтті

2025 жылғы 28 қарашада «Ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялар мен жабдықтар. Экологиялық және органикалық талаптар. Энтомофильді ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудағы агротехникалық тәсіл ретінде тозаңдандыру. ЕО және Азия елдерінің нарықтарына шығу үшін балды стандарттау» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара Шығыс Қазақстан облысы, Глубоков ауданы, Тәжірибе алаңы кентінде орналасқан «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында өтті.

Семинардың негізгі мақсаты — агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне, пчеловодтар мен сала мамандарына ара шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеудің заманауи технологиялары, сапа мен қауіпсіздік талаптары туралы ғылыми негізделген ақпарат ұсыну болды. Шара барысында бал және басқа да ара шаруашылығы өнімдеріне қойылатын экологиялық және органикалық талаптар, сондай-ақ халықаралық нарықтарға шығу үшін қажетті стандарттар кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, энтомофильді дақылдардың өнімділігін арттырудағы тозаңдандырудың маңызына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға өсімдік шаруашылығы мен ара шаруашылығының өзара тиімді байланысын ұйымдастырудың ғылыми және практикалық тетіктері түсіндірілді.

Семинар барысында бөлім меңгерушісі Нуралиева У.А., маман Рукавицин И.И. және жетекші маман Жумагалиев А.Д. баяндама жасап, заманауи жабдықтарды қолдану, өнім сапасын бақылау әдістері және Еуропалық одақ пен Азия елдерінің нарықтарына экспорттауға арналған балды стандарттау талаптары бойынша практикалық ұсынымдар берді.

Семинарды ұйымдастырушы — Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты. Аталған іс-шара 267 «Білім мен ғылыми зерттеулерге қолжетімділікті арттыру» бюджеттік бағдарламасының 100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» ішкі бағдарламасы аясында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ қолдауымен өткізілді. Семинар ара шаруашылығы саласын дамытуға және оның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.