Семинар: Мал шаруашылығындағы инновациялар, асыл тұқымды жұмыс және цифрлық технологиялар

Мал шаруашылығындағы инновациялар, асыл тұқымды жұмыс және цифрлық технологиялар
2026 жылғы 8 тамызда Жамбыл облысы, Қордай ауылындағы «Байнұр» шаруа қожалығында мал шаруашылығы саласын дамытуға арналған семинар өтті.
Өткізілген орны: Жамбыл облысы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 2с.
Іс-шараны «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» және «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұйымдастырды.
Семинар барысында мал шаруашылығындағы инновациялық тәсілдер, асыл тұқымдық жұмысты жетілдіру және мал шаруашылығы өндірісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Қатысушылар заманауи технологияларды өндірістік үдерістерге енгізу, малдың өнімділігі мен асыл тұқымдық құндылығын арттыру, сондай-ақ ғылым мен өндіріс арасындағы тәжірибе алмасуды күшейту бағыттары бойынша пікір алмасты.
Семинар сарапшылары:
▫️ Сайлаубек Пернебек Женісбекұлы — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;
▫️ Нұрмолдаев Манат Таңжарықұлы — етті ірі қара бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.
Семинар ғылыми негізделген инновацияларды мал шаруашылығы өндірісіне енгізу, практикалық тәжірибе алмасу және сала мамандары арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға арналған тиімді алаң болды.