Дала күні - БҰҰ: Жайылымдар мен жайылымдық мал шаруашылығының Халықаралық жылы

Дала күні - БҰҰ: Жайылымдар мен жайылымдық мал шаруашылығының Халықаралық жылы

Жайылымдар мен жайылымдық мал шаруашылығының халықаралық жылы – 2026

БҰҰ жариялаған Жайылымдар мен жайылымдық мал шаруашылығының халықаралық жылы аясында 14 шілде күні ФАО мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен, «ҚазМШжӨҒЗИ» ЖШС қызметкерлері мен фермерлер қауымдастығының белсенді қатысуымен Дала күні өтті.

Іс-шара барысында Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының («ҚазМШжӨҒЗИ» ЖШС) мамандары жайылымдарды кешенді басқару мен ұтымды пайдаланудың тиімді тәжірибелерін таныстырып, тозған жайылымдардың өнімділігін жедел қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес жайылымдарды басқару жоспарларын әзірлеу және іске асыру үдерісіне фермерлерді, жергілікті атқарушы органдарды, қоғамдық бірлестіктерді, әйелдер мен жастарды тарту тәжірибесімен бөлісті.

Осы күні «ҚазМШжӨҒЗИ» ЖШС жанындағы Жайылым пайдаланушылардың мобильді мектебі базасында «Қазақстан жайылымдарын карбонизациялаудың басым бағыттары» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Дәріс барысында жайылым экожүйелерінің тұрақтылығын арттыруға және көміртек ізін төмендетуге бағытталған заманауи ғылыми тәсілдер қарастырылды.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және агроорман мелиорациясы салаларындағы уәкілетті мекемелердің өкілдері, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің мүшелері, фермерлік шаруашылықтар мен жайылым пайдаланушылар қатысты.

Осындай кездесулер тәжірибе алмасуға, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге және Қазақстанда жайылымдық мал шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал етеді.

Фото және бейне

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар